1. Айшуақ ауылдық округінің "Оңталап" шаруа қожалығының аумағындағы Оразымбет қыстағында түйелердің арасында құтыру ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитарлық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс–шаралары алынсын.
2. Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5271 тіркелген, 2017 жылғы 10 наурыздағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айшуақ ауылдық округінің әкімі | А. Саттыков |