1. Шалқар ауданының Тоғыз ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 21 қарашадағы № 7 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-89 тіркелген, 2009 жылғы 5 қаңтарда аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі | А. Жақанов |