Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 19-101 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 310 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 29 тамызда № 4322 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қаратал, Кербұлақ аударының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округінің Опытное ауылы Ойсаз ауылы болып, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округінің Водное ауылы Қайнарлы ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы М. Мәлтекбасов
      Алматы облысының
      әкімі А. Баталов
      Алматы облыстық мәслихаттың
      хатшысы С. Дүйсембінов

О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Алматинской области

Решение Алматинского областного маслихата от 27 июля 2017 года № 19-101 и постановление акимата Алматинской области от 27 июля 2017 года № 310. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 августа 2017 года № 4322

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" с учетом мнения населения соответствующей территории на основании заключения областной ономастической комиссии по представлению представительного и исполнительного органов Каратальского, Кербулакского районов Алматинской областной маслихат РЕШИЛ и акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать село Опытное Уштобинского городского округа Каратальского района в село Ойсаз, село Водное Каспанского сельского округа Кербулакского района в село Кайнарлы.

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного решения Алматинского областного маслихата и постановления акимата Алматинской области возложить на заместителя акима области Ж. Омара (по согласованию).

      3. Настоящее совместное решение Алматинского областного маслихата и постановление акимата Алматинской области вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Алматинского областного маслихата М. Мальтекбасов
      Аким
      Алматинской области А. Баталов
      Секретарь Алматинского областного
      маслихата С. Дюсембинов