Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 312 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 470 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 17 қарашада № 4384 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 14.02.2020 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 16 маусымдағы № 312 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3897 тіркелген, 2016 жылдың 19 шілдесінде "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. "Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Алматы облысының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін Алматы облысы әкімдігінің интерент-ресурсында орналастыруды;

      5) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "02" қарашадағы № 470 қаулысымен бекітілген қосымша

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қалақұрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 тіркелген) бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) құжаттарды қабылдау, оларды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау – 20 (жиырма) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау; 

      2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау – 20 (жиырма) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау; 

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау:

      өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі – 8 (сегіз) жұмыс күні;

      өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күні;

      өтінішті қарау және қолданыстағы объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерту кезінде эскизді (эскиздік жобаны) келісу мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күні;

      дәлелді бас тарту – 3 (үш) жұмыс күні.

      Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 2 (екі) сағат. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 2 (екі) сағат. Нәтижесі – Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдау. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы" келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы:

      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді (Стандарттың 10-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қолхат береді) – 20 (жиырма) минут;

      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды жолдайды – 3 (үш) сағат;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады – 4 (төрт) сағат ішінде;

      5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 (жиырма) минут.

  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 16 июня 2016 года № 312 "Об утверждении регламента государственной услуги "Соглосование эскиза (эскизного проекта)"

Постановление акимата Алматинской области от 2 ноября 2017 года № 470. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 17 ноября 2017 года № 4384. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 14 февраля 2020 года № 57

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 14.02.2020 № 57 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2016 года № 137 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13610), акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Алматинской области от 16 июня 2016 года № 312 "Об утверждении регламента государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрациии нормативных правовых актов № 3897, опубликован 19 июля 2016 года в газетах "Жетысу" и "Огни Алатау") следующие изменения:

      регламент государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)", утвержденный указанным постановлением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Алматинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Алматинской области;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Алматинской области;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Алматинской области после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Государственное учреждение "Аппарат акима Алматинской области" сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Л. Турлашова.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Баталов

  Приложение к постановлению акимата Алматинской области от "2" ноября 2017 года № 470

Регламент государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Согласование эскиза (эскизного проекта)" (далее - государственная услуга) оказывается бесплатно физическим и юридическим лицам (далее - услугополучатель) структурными подразделениями местных исполнительных органов районов и городов областного значения, осуществляющими функции в сфере архитектуры и градостроительства (далее – услугодатель).

      Государственная услуга оказывается на основании стандарта государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)" утвержденного приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2016 года № 137 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13610) (далее - Стандарт).

      Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

      Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация);

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги - согласование эскиза (эскизного проекта), либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Стандарта.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является обращение услугополучателя с пакетом документов, согласно пункту 9 Стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:     

      1) прием регистрация документов и направление руководителю услугодателя на резолюцию – 20 (двадцать) минут. Результат – направление руководителю услугодателя;

      2) рассмотрение документов и определение ответственного исполнителя услугодателя – 20 (двадцать) минут. Результат – определение ответственного исполнителя услугодателя;

      3) рассмотрение документов, оформление результата оказания государственной услуги ответственным исполнителем услугодателя и направление на подпись руководителю услугодателя:

      рассмотрение заявления и согласования эскиза (эскизного проекта) технических и (или) технологических несложных объектов – 8 (восемь) рабочих дней;

      рассмотрение заявления и согласования эскиза (эскизного проекта) технических и (или) технологических сложных объектов – 13 (тринадцать) рабочих дней;

      рассмотрение заявления и согласования эскиза (эскизного проекта) при изменении внешнего облика (фасадов) существующего объекта – 13 (тринадцать) рабочих дней;

      мотивированный отказ - 3 (три) рабочих дня.

      Результат – направление результата оказания государственной услуги на подпись руководителю услугодателя.

      4) подписание результата оказания государственной услуги и направление сотруднику канцелярии услугодателя – 2 (два) часа. Результат – направление результата оказания государственной услуги сотруднику канцелярии услугодателя;

      5) выдача результата оказания государственной услуги – 2 (два) часа. Результат – направление результата оказания государственной услуги в Государственную корпорацию.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) сотрудник канцелярии услугодателя;

      2) руководитель услугодателя;

      3) ответственный исполнитель услугодателя.

      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) приведены в приложении настоящего регламента "Справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги".

4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан", а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      8. Для получения государственной услуги услугополучатель представляет в Государственную корпорацию пакет документов, согласно пункту 9 Стандарта.

      9. Описание процесса получения результата оказания государственной услуги через Государственную корпорацию:

      1) работник Государственной корпорации принимает документы и выдает расписку о приеме соответствующих документов (согласно пункту 10 Стандарта работник Государственной корпорации отказывает в приеме документов и выдает расписку согласно приложению 2 Стандарта) – 20 (двадцать) минут;

      2) работник Государственной корпорации направляет принятые документы услугодателю – 3 (три) часа;

      3) порядок действий структурных подразделений услугодателя в процессе оказания государственной услуги осуществляется в соответствии с пунктом 5 настоящего регламента;

      4) работник Государственной корпорации получает результат оказания государственной услуги от услугодателя – в течении 4 (четыре) часов;

      5) работник Государственной корпорации выдает услугополучателю результат оказания государственной услуги – 20 (двадцать) минут.

  Приложение к регламенту государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги