"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласының солтүстік-батысында орналасқан тұрғын үй алабы - "Шайқорған" тұрғын үй алабы, Ж. Балапанов пен Н. Алдабергенов көшелерінің аралығында орналасқан шағын ауданы - "Болашақ" шағын ауданы, Талдықорған-Алматы тас жолы мен Ж. Балапанов көшесінің аралығында орналасқан бірінші шағын ауданы - "Көктем" шағын ауданы, екінші шағын ауданы - "Бірлік" шағын ауданы, І. Жансүгіров көшесі мен Алматы-Талдықорған тас жолының аралығында орналасқан әскери қалашығы - "Ұлан" әскери қалашығы, Талдықорған қаласының шығысында орналасқан әскери қалашығы - "Жұлдыз" әскери қалашығы болып аталсын.
2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Р. Ибраимова |
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облыстық мәслихатының хатшысы | С. Дүйсембінов |