Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 03 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 20 қаңтарда № 4072 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 22.02.2024 № 108 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байтаева Күлпаш Ізмұхановнаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы А. Қалиасқаров

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов

Постановление акимата Каратальского района Алматинской области от 10 января 2017 года № 03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 января 2017 года № 4072. Утратило силу постановлением акимата Каратальского района области Жетісу от 22 февраля 2024 года № 108

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каратальского района области Жетісу от 22.02.2024 № 108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 9, подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (заригистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010), акимат Каратальского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда организациям со списочной численностью работников:

      1) от пятидесяти до ста человек - в размере двух процентов списочной численностью работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек - в размере трех процентов списочной численностью работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека - в размере четырех процентов списочной численностью работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Байтаеву Кульпаш Измухановну.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района А. Калиаскаров