1. Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылының № 1 табынына мүйізді ірі қара малдардың арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. "Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылының № 1 табынына карантин белгілеу туралы" 2016 жылғы 04 қарашадағы № 13 Тастөбе ауылдық округі әкімінің шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4026 тіркелген, 2016 жылдың 16 желтоқсанында "Қаратал" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тастөбе ауылдық | |
округінің әкімі | А. Байгунысов |