Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекiту туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 41 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 4 сәуірде № 4168 болып тіркелді

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
      2. Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларына сәйкес бекiтілсін.
      3. Райымбек ауданы әкімдігінің "Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекiту туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3443 тіркелген, 2015 жылдың 2 қазанында "Хантәңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байедилов Талгат Ескендировичке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      Райымбек ауданының әкімі Ж. Тажиев

  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 1-қосымша

Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi

1. Жалпы ережелер

      1. Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі-Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, сондай-ақ "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Қағидалар).

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

      2. Балаларды тасымалдау Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
      3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
      4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      5. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi - тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн.
      6. Тапсырыс берушi оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкін.
      Бұл жағдайда тапсырыс берушi Қағидалардың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
      7. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      8. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
      Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
      Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
      9. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар басшыларының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелінеді.
      10. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
      11. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиіс.
      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
      Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
      12. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      13. Балалардың топтарын көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
      14. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиіс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      15. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).
      16. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
      17. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақ бөлімшелерінің (бұдан әрі - ӘПК) мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгiсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн ӘПК-ні хабардар етедi.
      18. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде қашықтықта орналасуы тиіс.
      19. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң үлкенiн тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиіс) тиіс.
      20. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
      21. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
      22. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
      23. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
      1) сағатына 60 киллометрден артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүккәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      24. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелерiне Қағидалардың талаптарына, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).
      25. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      26. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жол бермейдi.
      27. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
      28. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

3. Қорытынды

      29. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.

  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 2-қосымша

Ақбейіт шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Сарыжаз ауылындағы Сарыжаз орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 3-қосымша

Жаңаталап шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Алғабас ауылындағы Ұзақ Бағаев атындағы орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 4-қосымша

Қостөбе шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Нарынқол ауылындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 5-қосымша

Көкпияз шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Шырғанақ ауылындағы Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 6-қосымша

Кіші Қарқара шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Шырғанақ ауылындағы Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 7-қосымша

Бестөбе, Қолтықбастау шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Жылысай ауылындағы Майлы Орманов атындағы орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 8-қосымша

Түменбай шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Кеген ауылындағы № 3 Кеген орта мектебіне тасымалдау схемасы


  Райымбек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген 9-қосымша

Ескі Тасашы шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды Тасашы ауылындағы Тасашы орта мектебіне тасымалдау схемасы


Об утверждении порядка и схем перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Райымбекского района

Постановление акимата Райымбекского района Алматинской области от 28 февраля 2017 года № 41. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 4 апреля 2017 года № 4168

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11550), акимат Райымбекского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Райымбекского района согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
      2. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Райымбекского района согласно приложениям 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 к настоящему постановлению.
      3. Признать утратившими силу постановление акимата Райымбекского района "Об утверждении порядка и схем перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Райымбекского района" от 25 августа 2015 года № 321 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3443, опубликован 2 октября 2015 года в газете "Хантанири").
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Байедилова Талгата Ескендировича.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Райымбекского района Ж. Тажиев

  Приложение 1 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Райымбекского района

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Райымбекского района (далее – Порядок) разработан в соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", а также в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11550) (далее – Правила).

2. Порядок перевозок детей

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями Правил и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
      4. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.
      5. Заказчиком услуг по перевозке детей (далее - заказчик) могут выступать физические или юридические лица, ответственные за организацию специальных перевозок детей.
      6. Заказчик также самостоятельно выполняет функции перевозчика в случае возможности предоставления им подобных услуг.
      В таком случае заказчик соблюдает требования Правил в отношении перевозчиков.
      7. Перевозки детей автобусами осуществляются перевозчиками на основании письменных заявок заказчиков услуг по перевозке детей.
      8. В заявке указываются дата (даты), время перевозки детей, их количество и возраст, маршрут следования (начальные, конечные и промежуточные пункты), места посадки и высадки, фамилия, имя, отчество и должность ответственного за организацию перевозки детей и взрослых, сопровождающих по каждому автобусу.
      В случае выделения дополнительно к заказываемым автобусам собственного транспорта заказчика указывается количество выделяемых для перевозки единиц транспорта.
      Заявка подписывается руководителем организации - заказчика или его заместителем.
      9. Перед выполнением перевозок заказчик оформляет решение об организации перевозки детей приказом, регламентировав в нем обязанности должностных лиц, руководителей групп, сопровождающих, маршрут, сроки, порядок подготовки и проведения поездки, мероприятия по обеспечению безопасности детей.
      10. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      11. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      12. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      13. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь) не допускается.
      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.
      14. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.
      15. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, заказчик назначает ответственных лиц из числа сотрудников организации - заказчика или родителей, которые сопровождают детей до места их назначения (при осуществлении регулярных перевозок детей в школу, иные учебные заведения допускается назначать ответственными учащихся старших классов прошедших специальный инструктаж для сопровождающих).
      16. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).
      17. При осуществлении массовых перевозок детей перевозчиком предоставляется от заказчика письменная заявка с обязательной отметкой территориального подразделения Комитета административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - КАП) о выделении сопровождения колонны патрульным автомобилем. Без данной отметки автобусы заказчику не представляются. В свою очередь, перевозчик, при осуществлении массовых перевозок детей также уведомляет КАП для принятия мер по усилению надзора за движением на маршруте.
      18. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее от места стоянки автобуса.
      19. При выделении автобусов для массовой перевозки детей перевозчик назначает старшего колонны (при трех и более автобусах - из числа лиц, ответственных за безопасность движения или эксплуатацию транспортных средств, а при двух - из числа водителей этих автобусов; водитель, назначаемый старшим, стаж работы на автобусах не менее 5 лет).
      20. Назначенные заказчиком для сопровождения детей лица проходят специальный инструктаж по обеспечению безопасности перевозки детей автобусами.
      21. Инструктаж проводит лицо, ответственное за обеспечение безопасности дорожного движения или эксплуатацию транспортных средств, принадлежащих перевозчику.
      22. Для перевозки детей допускаются водители:
      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;
      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;
      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.
      Стаж работы водителя в организации, которая направляет его на перевозку детей, составляет не менее трех лет.
      Водители, назначаемые на перевозки детей автобусами вместимостью более 41 места, а также на любые перевозки детей в междугородном сообщении, должны иметь стаж работы на автобусах не менее пяти лет.
      23. Водителю автобуса при перевозке детей запрещается:
      1) следовать со скоростью более 60 киллометров в час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;
      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.
      24. При посадке (высадке) детей и при движении по маршруту водители, осуществляющие перевозки детей, выполняют указания сопровождающих по автобусу, если они не противоречат Правилам дорожного движения, требованиям Правил, иным требованиям безопасности дорожного движения и если эти указания входят в сферу компетенции сопровождающих (поведение детей, их здоровье и безопасность).
      25. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса, во время остановок.
      26. Посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя (при массовых перевозках, кроме того, под наблюдением ответственного за организацию перевозки).
      При подъезде транспортного средства сопровождающие не допускают, чтобы дети побежали навстречу ему, скучивались у края проезжей части.
      27. Сопровождающие подводят детей к месту посадки в организованном порядке (младших детей - построенных попарно). Посадка производится через переднюю дверь автобуса.
      28. Движение автобуса с места посадки (высадки) водителю разрешается начинать только после сообщения сопровождающего об окончании посадки (высадки) и полного закрытия дверей автобуса.

3. Заключение

      29. Отношение не урегулированные настоящим порядком перевозки в общеобразовательные школы детей регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 2 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Акбейит в Сарыжазскую среднюю школу села Сарыжаз


  Приложение 3 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Жанаталап в средняя школу имени Узак Багаева села Алгабас


  Приложение 4 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Костобе в среднюю школу имени Ораза Жандосова села Нарынкол


  Приложение 5 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Кокпияз в среднюю школу имени Инкарбек Жумагулова села Шанырак


  Приложение 6 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Киши Каркара в среднюю школу имени Инкарбек Жумагулова села Шырганак


  Приложение 7 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бестобе, Колтыкбастау в среднюю школу имени Майлы Орманова села Жылысай


  Приложение 8 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Туменбай в Кегенскую среднюю школу № 3 села Кеген


  Приложение 9 утвержденное постановлением акимата Райымбекского района от "28" февраля 2017 года № 41

Схема перевозки детей, проживающих в отдаленном населенном пункте Ески Тасаши в Тасашинскую среднюю школу села Тасашы