Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 05.02.2024 № 8-17-88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Ұйғыр ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 45-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148 тіркелген, 2015 жылдың 01 мамырында "Қарадала тынысы–Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлігіндегі және көрсетілген шешімнің қосымшасының кіріспе бөлігіндегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына" сөздері "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына" деген сөздеріне ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 1 тармағының 5 тармақшасы және 7 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) мемлекеттік корпорация – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
"7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген стандарттарының (бұдан әрі - Стандарт) № 9 тармағына сәйкес мемлекеттік корпорация немесе веб-портал арқылы өтініш береді.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Б. Атагелдиев |
Ұйғыр аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Н. Есжан |