1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М. Нұров |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Н. Есжан |
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2017 жылғы "26" сәуірдегі № 6-14-92 шешіміне қосымша |
Ұйғыр аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ұйғыр ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3643 тіркелген, 2016 жылдың 8 қаңтарында, 2016 жылдың 13 қаңтарында, 2016 жылдың 22 қаңтарында "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған);2. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 54-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 1 ақпандағы № 56-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3713 тіркелген, 2016 жылдың 24 ақпанында, 2016 жылдың 4 наурызында "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған);
3. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 54-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 6-1-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 тіркелген, 2016 жылдың 15 сәуірінде, 2016 жылдың 22 сәуірінде "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған);
4. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 54-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 19 мамырдағы № 6-4-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген, 2016 жылдың 10 маусымында "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған);
5. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 54-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-5-25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3911 тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында, 2016 жылдың 12 тамызында "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған);
6. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 54-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 26 қазандағы № 6-8-48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4011 тіркелген, 2016 жылдың 25 қарашасында, 2016 жылдың 1 желтоқсанында "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінде жарияланған).