Ұйғыр ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 6-21-132 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 22 қарашада № 4389 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Болатұлы
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Н. Есжан

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2017 жылғы "03" қарашадағы № 6-21-132 шешімімен бекітілген қосымша

Ұйғыр ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұйғыр ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Ұйғыр ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Ұйғыр ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандыру, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Ұйғыр ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

      6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Ұйғыр ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

      7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.

      Құрмет грамотасын Ұйғыр ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Ұйғыр ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын Ұйғыр ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады. 

      9. Құрмет грамотасына Ұйғыр ауданы әкімінің қолы қойылады.

      10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Ұйғыр ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

      11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Ұйғыр ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Уйгурского района

Решение Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 3 ноября 2017 года № 6-21-132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 22 ноября 2017 года № 4389

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Уйгурский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Положение о награждении Почетной грамотой Уйгурского района согласно приложению к настоящему решению.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Уйгурского районного маслихата Манаповой Арзигуль Гопуровне.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата Н. Болатулы
      Секретарь районного
      маслихата Н. Есжан

  Приложение утвержденное решением Уйгурского районного маслихата от "03" ноября 2017 года № 6-21-132

Положение о награждении Почетной грамотой Уйгурского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Уйгурского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Уйгурского района.
      2. Почетная грамота Уйгурского района (далее - Почетная грамота) является важным моральным стимулом, выражением общественного признания плодотворной деятельности граждан.
      3. Почетной грамотой награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане имеющие не менее 5 лет стажа в сфере деятельности за значительные достижения в экономике, в социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, в воинской и государственной службе, в общественной, государственной, благотворительной деятельности.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      4. Представление к награждению акиму Уйгурского района вносят местные представительные и исполнительные органы, творческие союзы, трудовые коллективы и другие организации.
      5. Ходатайство о награждении Почетной грамотой оформляется на государственном и русском языках с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, сведений об образовании, места работы (с указанием полного наименования организации в соответствии с учредительными документами и полного наименования занимаемой должности на дату внесения ходатайства), сведений о трудовой деятельности, о наградах и почетных званиях.
      6. Неправильно оформленные и поступившие в срок менее чем за десять рабочих дней до награждения ходатайство к рассмотрению акима Уйгурского района не принимается.
      7. Представление к очередной награде возможно только по истечении пяти лет со дня предыдущего награждения.
      8. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке.
      Почетную грамоту вручает аким Уйгурского района, а также от имени акима Уйгурского района и по его поручению Почетную грамоту могут вручать и другие лица уполномоченные акимом Уйгурского района.
      9. Почетная грамота подписывается акимом Уйгурского района.
      10. Ведение документации и учет осуществляется аппаратом акима Уйгурского района.
      11. О вручении Почетной грамоты составляется протокол вручения, подписывается лицом вручившим награду и скрепляется печатью органа, вручившего награду и в течение трех рабочих дней направляется в аппарат акима Уйгурского района.