Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы нормативтік құқықтық актінің қосымшасына сәйкес экспликация бойынша Жамбыл облысы Меркі ауданының Кеңес, Ақермен ауылдық округтерінің әкімшілік шекаралары (шегі):
1) Кеңес ауылдық округінің жері Кентай ауылының бөлінуімен жалпы ауданы 563 гектарға кемітіліп;
2) Ақермен ауылдық округінің жері Кентай ауылының косылуымен жалпы ауданы 563 гектарға ұлғайтылып, өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | Облыстық мәслихаттың |
К.Көкрекбаев | сессиясының төрағасы |
Б.Сауранбаев | |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | |
Б.Қарашолақов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы "31" наурыздағы №54 қаулысы мен Жамбыл облысы мәслихатының 2017 жылғы "3" сәуірдегі №10-8 шешіміне қосымша |