Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2. Аса ауылдық округінің Аса ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Завод көшесі – Қаратау;
Совет көшесі – Бірлік;
Промышленная көшесі – Қайнар;
Луговая көшесі – Көкой.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Бозымбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аса ауылдық округінің әкімі | Б. Қалшымбетов |