Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Ленин көшесі – Нұрлы жол;
40 лет Октября көшесі – Еспе;
Советская көшесі – Майбұлақ;
Заречная көшесі – Кемер;
Табачная көшесі – Ақтас болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ. Айтпаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Күзербаев |