Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы негізінде және Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылындағы Ленинградский көшесі Әлихан Бөкейхановқа, Дагестанский көшесі Баубек Бұлқышевқа, Интернациональный көшесі Қалтай Мұхамеджановқа өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Бабалиеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Рысқұлов ауылдық округінің әкімі | Е. Байболсынов |