РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылындағы Стахановская көшесі Талаптыға, Садовая көшесі Көкшетауға, Зеленая көшесі Теректіге, Школьная көшесі Көкжиекке, Н. Щорс көшесі Ақбастауға, Папанин көшесі Арнаға өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж. Бабалиеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Рысқұлов ауылдық округі | |
әкімінің уақытша міндетін атқарушы | Г. Макаева |