РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 437 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2886 болып тіркелген, Құлан таңы" газетінің 2016 жылдың 22 қаңтарында №7 (7159), 2016 жылдың 5 ақпанында № 12 (7164) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік тілдегі кіріспе бөлігі төмендегідей редакцияда оқылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабының 3 тармағы 3-1) тармақшасына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақастан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелген) сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Өмірзақов Мұратбек Тоқсанбайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтақов |