Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 31.10.2017 № 200 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д. Асановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нарбаев |
Сарысу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 60 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Р/с | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы) | Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жаңатас-Су-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 50 | 2% | 1 |
2. | "Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 161 | 3% | 5 |
3. | "Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 199 | 3% | 6 |
4. | "Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің С. Сейфуллин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 84 | 2% | 2 |
5. | "Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 113 | 3% | 3 |
Барлығы | 607 | 17 |