2017 жылға Шу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 138 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 мамырда № 3433 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шу ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2017 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Шу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Н. Жақсыбаев

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 27 сәуірдегі
№138 қаулысына қосымша

2017 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Шу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің мамандырылған көпсалалы "Ауыз су-Шу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2 %

3

2%

3



2

Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шу-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

74

2 %

3

2%

3



3

Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Төле би мамандырылған көпсалалы кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

55



2 %

2

2%

2


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в Шуском районе на 2017 год

Постановление акимата Шуского района Жамбылской области от 27 апреля 2017 года № 138. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 15 мая 2017 года № 3433

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Шуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2017 год от общей численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Шускому району согласно приложению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Центр занятости населения акимата Шуского района" обеспечить организацию квотирования рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования.

      3. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Шуского района" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Аймамбетова Ербола Еркиновича.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района Н. Жаксыбаев

  Приложение к постановлению
акимата Шуского района
от 27 апреля 2017 года №138

Квоты рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2017 год

Наименование организации

Списочная численность работников на начало года (человек)

Размер установленной квоты

Для лиц, состоящих на учете службы пробации

Для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

% от списочной численности работников

Количество рабочих мест (единиц)

% от списочной численности работни ков

Количество рабочих мест (единиц)

% от списочной численности работников

Количество рабочих мест (единиц)

1

Специализированное многоотраслевое коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Питьевая вода-Шу" отдела жилищно-коммунальное хозяйство, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Шуского района

63

2 %

3

2%

3



2

Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Шу –Жылу" отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Шуского района

74

2 %

3

2%

3



3

Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Специализированное многоотраслевое предприятие Толе би" отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Шуского района

55



2 %

2

2%

2