РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақтан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына сәйкес және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 01 қарашадағы №383 ұсынысы негізінде қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шу ауданы Шу қаласы "Жетісу" ықшам ауданы аумағында мүйізді ірі қара табынына қарасан ауруының анықталуына байланысты Шу қаласы "Жетісу" ықшам ауданының аумағына карантин іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шу қаласы әкімі аппаратының бас маманы Назарқұлов Нұрлан Қапарұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу қаласының әкімі | Б. Тұрғынбаев |
Шу қаласы әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы "Шу қаласының "Жетісу" ықшам ауданы аумағына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 8 шешіміне келісім парағы.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
Шу аудандық Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
Ш. Жапабаев
_______________ 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Шу аудандық аумақтық инспекциясы
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Таңсықов
_______________ 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің
Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Департаментінің "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Болотин
_______________ 2017 жыл