"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 38/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 шілдеде № 4308 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 28/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 30.04.2024 № 28/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қарағанды облыстық мәслихатының VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №131 "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4066 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаттарының есебінен "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кредит беру" 13 3 275 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары мен қарыз алушылар санаты бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт (келісім) жасауды;

      2) кредитті нысаналы және тиімді пайдалануды, өтеуді және қызмет көрсетуді бақылауды және мониторингті қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "29" маусым
38/05 қаулысына қосымша

"Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға "Даму" кәсіпкерлікті дамытуқоры" АҚ кредит беру" 13 3 275 010 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары мен қарыз алушылар санаты

      1. Бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары:

      1) Бюджеттік кредитті беру мақсаты өңір үшін басым салаларда немесе жекелеген аумақтық бірліктерде олардың жобаларын қаржыландыру жолымен өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту;

      2) Бюджеттік кредиттің мөлшері - 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге;

      3) Бюджеттік кредиттің валютасы- теңге;

      4) Бюджеттік кредиттің мерзімі- 60 (алпыс) ай;

      5) Бюджеттік кредитті игеру мерзімі – 6 (алты) айға дейін;

      6) Бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 0,01%;

      7) Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.

      2. Қарыз алушылар санаты:

      қарыз алушы – мамандандырылған ұйым, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы тұлғасында Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;

      түпкілікті қарыз алушы – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жас кәсіпкерлер/әйел кәсіпкерлер/мүгедектер/ 50 жастан асқан тұлғалар;

      серіктес-банкілер – коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, олар Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңына сәйкес банкілік қызметті жүзеге асыруға құқылы және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қатысу үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен айқындалған.

Об утверждении основных условий бюджетного кредитования в рамках программы регионального финансирования субъектов малого и среднего предпринимательства акционерным обществом "Фонд развития предпринимательства "Даму"

Постановление акимата Карагандинской области от 29 июня 2017 года № 38/05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 17 июля 2017 года № 4308. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 30 апреля 2024 года № 28/01

      Сноска. Утратило cилу постановлением акимата Карагандинской области от 30.04.2024 № 28/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, решением VI сессии Карагандинского областного маслихата от 12 декабря 2016 года № 131 "Об областном бюджете на 2017-2019 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4066), акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить основные условия бюджетного кредитования и категорию заемщиков по бюджетной программе 13 3 275 010 000 "Кредитование АО "Фонд развития предпринимательства "Даму" на реализацию государственной инвестиционной политики" за счет средств областного бюджета, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление предпринимательства Карагандинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) заключение кредитного договора (соглашение) с акционерным обществом "Фонд развития предпринимательства "Даму";

      2) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания кредита.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Кошанов

  Приложение
к постановлению акимата
Карагандинской области
от "29" июня 2017 года №38/05

Основные условия
бюджетного кредитования и категории заемщиков по бюджетной программе 13 3 275 010 000 "Кредитование АО "Фонд развития предпринимательства "Даму" на реализацию государственной инвестиционной политики"

      1. Основные условия бюджетного кредитования:

      1) Цель предоставления бюджетного кредитаразвитие субъектов малого и среднего предпринимательства в регионах путем финансирования их проектов в приоритетных для региона отраслях или отдельных территориальных единицах;

      2) Размер бюджетного кредита - 500 000 000 (пятьсот миллионов) тенге;

      3) Валюта бюджетного кредита - тенге;

      4) Срок бюджетного кредита - 60 (шестьдесят) месяцев;

      5) Период освоения бюджетного кредита – до 6 (шесть) месяцев;

      6) Ставка вознаграждения по бюджетному кредиту - 0,01%;

      7) Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитных договорах в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      2. Категории заемщиков:

      заемщик – специализированная организация, контрольный пакет акций которой принадлежит государству либо национальному холдингу, либо национальному управляющему холдингу, являющиеся резидентами Республики Казахстан в лице Акционерного общества "Фонд развития предпринимательства "Даму";

      конечный заемщик - физические и юридические лица, являющиеся резидентами Республики Казахстан, осуществляющие предпринимательскую деятельность, в том числе молодые предприниматели/женщины предприниматели/инвалиды/лица старше 50 лет;

      банки-партнеры - юридические лица, являющиеся коммерческими организациями, которые в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" правомочны осуществлять банковскую деятельность и определенные акционерным обществом "Фонд развития предпринимательства "Даму" для участия в реализации программы регионального финансирования субъектов малого и среднего предпринимательства.