"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентіндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 53/01 қаулысына қосымша |
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентіндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары
№ | Тұтынушылар санаты | Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы | Өлшеу бірлігі | Мағынасы |
1 |
Модульдік қазандықтан жылынатын Ғабиден Мұстафин кентінің | "Ботақара Жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Гигакалория/ шаршы метр | 0,0454 |