Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/04 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 54/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 4348 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 31.01.2020 № 05/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/04 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3459 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қарашасында, 2015 жылдың 7 қарашадағы № 159-160 (21910-21911) "Индустриальная Караганда", 2015 жылдың 7 қарашадағы № 183-184 (22068) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өсімдіктерді қорғау құралдарын өңдірушіден гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе отандық өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияларды тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.";

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көрсетілетін белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.";

      5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім), қала басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қағидалардың (бұдан әрі - қағида) 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді және қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексереді, сондай-ақ қағидалардың 14-тармағына сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарын (бұдан әрі - ӨҚҚ) өндіруші ұсынатын ӨҚҚ нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің бар-жоғын анықтайды;

      2) бөлім өтінімді немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      облыс басқармасына қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылған мақұлданған өтінімдердің тізімін және қағидалардың 5-қосымшаcына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      ӨҚҚ өндірушіге қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      өтінімнің және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімнің мақұлданғаны туралы не субсидияларды ұсынбау себептерін көрсете отырып, өтінімді және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді қайтару туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді.

      3) облыс басқармасы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімі және қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер тізімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.";

      7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:     

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім), қала басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді және қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексереді, сондай-ақ қағидалардың 14-тармағына сәйкес ӨҚҚ өндіруші ұсынатын ӨҚҚ нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің бар-жоғын анықтайды;

      2) бөлім өтінімді немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      облыс басқармасына қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылған мақұлданған өтінімдердің тізімін және қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      ӨҚҚ өндірушіге қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      өтінімнің және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімнің мақұлданғаны туралы не субсидияларды ұсынбау себептерін көрсете отырып, өтінімді және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді қайтару туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді;

      3) облыс басқармасы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімі және қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер тізімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 54/02 қаулысына қосымша
  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау" регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 23 сентября 2015 года № 56/04 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений"

Постановление акимата Карагандинской области от 29 августа 2017 года № 54/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 8 сентября 2017 года № 4348. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 31 января 2020 года № 05/02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 31.01.2020 № 05/02 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Карагандинской области от 23 сентября 2015 года № 56/04 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3459, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 2 ноября 2015 года, в газетах "Индустриальная Караганда" от 7 ноября 2015 года № 159-160 (21910-21911), "Орталық Қазақстан" от 7 ноября 2015 года № 183-184 (22068)) следующие изменения:

      в регламенте государственной услуги "Субсидирование стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Результат оказания государственной услуги – предоставление в территориальное подразделение казначейства платежных документов к оплате для дальнейшего перечисления причитающихся субсидий на банковские счета сельскохозяйственных товаропроизводителей или отечественных производителей средств защиты растений при приобретении гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов у производителя средств защиты растений по удешевленной стоимости, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений" (далее – стандарт), утвержденного приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июня 2015 года № 15-1/522 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11684).

      Прием заявки и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация).

      При обращении через Государственную корпорацию услугополучателю направляется уведомление на бумажном носителе с решением о назначении/не назначении субсидии с указанием причин не предоставления субсидий, подписанное уполномоченным лицом услугодателя, по формам, согласно приложениям 1 и 2 к стандарту государственных услуг.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является подача услугополучателем (либо его представителя по доверенности) заявки по установленной форме, предусмотренной пунктом 9 стандарта государственной услуги.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги и длительность их выполнения:

      1) отдел сельского хозяйства района (города областного значения) (далее – отдел), управление города в течение двух рабочих дней с даты поступления заявки и (или) заявки об оплате причитающихся субсидий проверяет заявку на предмет соответствия условиям, указанным в пункте 7 и 8 правил субсидирования стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений (далее – правила), утвержденного приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 мая 2016 года № 204 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений" и заявку об оплате причитающихся субсидий на предмет соответствия условиям, указанным в пункте 7 и 8 правил, а также определяет наличие сельхозтоваропроизводителя в реестре по объемам фактической реализации средств защиты растений (далее - СЗР), предоставляемом производителем СЗР в соответствии с пунктом 14 правил;

      2) отдел после окончания проверки заявки или заявки об оплате причитающихся субсидий в течение одного рабочего дня направляет:

      в управление области за подписью акима района (города областного значения) список одобренных заявок по форме, согласно приложению 4 к правилам и список одобренных заявок об оплате причитающихся субсидий по форме, согласно приложению 5 к правилам;

      производителю СЗР список одобренных заявок об оплате причитающихся субсидий по форме, согласно приложению 5 к правилам;

      письменно уведомляет сельхозтоваропроизводителя об одобрении заявки и (или) заявки об оплате причитающихся субсидий, либо отклонении заявки и (или) заявки об оплате причитающихся субсидий с указанием причин не предоставления субсидий;

      3) управление области после поступления список одобренных заявок по форме, согласно приложению 4 к правилам и список одобренных заявок об оплате причитающихся субсидий по форме, согласно приложению 5 к правилам в течение двух рабочих дней представляет в территориальное подразделение казначейства платежные документы к оплате для перечисления субсидий на счета сельхозтоваропроизводителей или производителей СЗР.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия):

      1) отдел сельского хозяйства района (города областного значения) (далее – отдел), управление города в течение двух рабочих дней с даты поступления заявки и (или) заявки об оплате причитающихся субсидий проверяет заявку на предмет соответствия условиям, указанным в пункте 7 и 8 правил и заявку об оплате причитающихся субсидий на предмет соответствия условиям, указанным в пункте 7 и 8 правил, а также определяет наличие сельхозтоваропроизводителя в реестре по объемам фактической реализации СЗР, предоставляемом производителем СЗР в соответствии с пунктом 14 правил;

      2) отдел после окончания проверки заявки или заявки об оплате причитающихся субсидий в течение одного рабочего дня направляет:

      в управление области за подписью акима района (города областного значения) список одобренных заявок по форме, согласно приложению 4 к правилам и список одобренных заявок об оплате причитающихся субсидий по форме, согласно приложению 5 к правилам;

      производителю СЗР список одобренных заявок об оплате причитающихся субсидий по форме, согласно приложению 5 к правилам;

      письменно уведомляет сельхозтоваропроизводителя об одобрении заявки и (или) заявки об оплате причитающихся субсидий, либо отклонении заявки и (или) заявки об оплате причитающихся субсидий с указанием причин не предоставления субсидий;

      3) управление области после поступления список одобренных заявок по форме, согласно приложению 4 к правилам и список одобренных заявок об оплате причитающихся субсидий по форме, согласно приложению 5 к правилам в течение двух рабочих дней представляет в территориальное подразделение казначейства платежные документы к оплате для перечисления субсидий на счета сельхозтоваропроизводителей или производителей СЗР.";

      приложение к регламенту государственной услуги изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Кошанов

  Приложение
к постановлению акимата
Карагандинской области
от 29 августа 2017 года
№ 54/02
  Приложение
к регламенту государственной услуги
"Субсидирование стоимости гербицидов,
биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов,
предназначенных для обработки
сельскохозяйственных культур
в целях защиты растений"

Справочник
бизнес-процессов оказания государственной услуги