Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 21.06.2019 № 25/01 (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына және 8 бабы 1) тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28 тармағының 3) тармақшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 28 желтоқсандағы № 12590 тіркелген), бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау, сонымен қатар мемлекеттiк сатып алу процесiнiң айқындылығын жоғарылату мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.
2. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемелекеттік мекемесі бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның төрағасы ретінде Абай ауданының әкімі айқындалсын.
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын, жұмыстар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Абай ауданының әкімінің міндетін атқарушы |
М. Мағзин |
Абай ауданы әкімдігінің 20___ жылғы "___" ________ №_______ қаулысына қосымша |
Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар мен қызметтердің тізбесі
№-і | Атауы |
1. | Жұмыстар: |
1 | бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар салу, немесе салынғанын нысандарды реконструкциялау. |
2 | Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысан салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау, не бар болған жобалық-сметалық құжаттаманы түзету. |