Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2674 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
26-2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Панасиди |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Цай |