Абай ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы 24 сессиясының № 24/259 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 4578 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 18/174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 17.02.2022 № 18/174 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Абай ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Соколова
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

  Абай аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
24 сессиясының № 24/259
шешімімен бекітілген

Абай ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Абай ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқару Абай ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – аудан әкімдігі) жүзеге асырылады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында аудан әкімдігі мүдделі құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында аудан әкімдігі қызмет атқаруға уәкілеттілік берген "Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды аудан әкімдігі Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Абайского района

Решение 24 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 22 декабря 2017 года № 24/259. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 17 января 2018 года № 4578. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Карагандинской области от 17 февраля 2022 года № 18/174

      Сноска. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Карагандинской области от 17.02.2022 № 18/174 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Абайского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии И. Соколова
      Секретарь Абайского районного маслихата Б. Цай

  Утверждены
решением 24 сессии
Абайского районного маслихата
от 22 декабря 2017 года № 24/259

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Абайского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Абайского района (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется акиматом Абайского района (далее - акимат района).

      4. Для целей управления отходами акиматом района создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее – Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется орган, уполномоченный акиматом района на осуществление функций в сфере жилищно-коммунального хозяйства, государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Абайского района (далее – отдел).

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется акиматом района с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.