Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% дан бастап 4% ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманжоловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 21 маусымдағы 2017 жыл № 23/01 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ақтоғай ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі "Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 143 | 3 | 4 |
2 | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 158 | 3 | 5 |
3 | Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 148 | 3 | 4 |