Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 "Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 01 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4132 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 қаңтарда "Қарқаралы" газетінің № 9-10 (11530) санында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 7 сәуірде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қарқаралы ауданының әкімі | К. Максутов |