Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Байтуған ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Байтуған ауылының көшелері:
Озерная және Школьная көшелері Атамекен көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы |
К. Темиров |