Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы 27 сессиясының № 368 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 4494 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.10.2023 № 12/110 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1.Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 ақпанда жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      10 тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "жергілікті өкілді орган ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      келесі мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.";

      17-1, 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 тармақтары алынып тасталсын;

      31 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган "E-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Бережной В.В).

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
К. Саккулаков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Осакаров ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің басшысы
      А.Тулеуова

            2017 жылғы "4" желтоқсан

О внесении изменений и дополнения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение 27 сессии Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 4 декабря 2017 года № 368. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 21 декабря 2017 года № 4494. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 31 октября 2023 года № 12/110

      Сноска. Утратило cилу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 31.10.2023 № 12/110 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2523, опубликованно в газете "Сельский труженик" 1 февраля 2014 года № 5 (7385), в информационно-правовой системе "Әділет" 6 февраля 2014 года) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      абзац четвертый пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местным представительным органом в однократном отношении к прожиточному минимуму.";

      дополнить пунктом 25-1 следующего содержания:

      "25-1. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.";

      пункты 17-1, 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 исключить;

      пункт 31 изложить в новой редакции:

      "Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальной политике (Бережной В.В.).

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
секретарь районного маслихата
К. Саккулаков

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель отдела занятости и
      социальных программ Осакаровского
      района
      А. Тулеуова

      "4" декабря 2017 года