Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 168 "Ұлытау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2649 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, "Ұлытау өңірі" газетінде 2014 жылғы 31 мамырдағы № 22 (5942) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Мусина |
Ұлытау аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Т. Сейтжанов |