Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 10/01 "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Ұлытау ауданының атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3180 болып тіркелген, "Ұлытау өңірі" 2015 жылғы 30 мамырдағы № 21 (5992) газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Омар |