Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар жекешелендірілсін.";
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қорқыт Ата әуежайы" | |
акционерлік қоғамының президенті | |
__________________ Ни К.Б. | |
2017 жылғы "23" маусым |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "23" мамырдағы № 792 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына қосымша |
Жекешелендірілетін акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар тізбесі
№ р/с | Атауы | Іске асыру мерзімі | Жекешелендіру түрі |
1. | Мүліктік кешен ретінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
қыркүйек | тендер |
2. | Мүліктік кешен ретінде "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
қараша |
кейіннен сатып |
3. | "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі |
қараша | тендер |
4. | "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі |
қараша | тендер |
5. | "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы" микроқаржылық ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі |
қараша | тендер |
6. | "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының 100 % акциясы |
қараша | мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында |