Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 08.06.2018 № 1137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14892 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 2-3-10/1665-И хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамын несиелендіру субъектісі ретінде анықтап, келесі мөлшерде бюджеттік несие қаржысы бөлінсін:
1) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы 725 321 567 (жеті жүз жиырма бес миллион үш жүз жиырма бір мың бес жүз алпыс жеті) теңге;
2) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы 1 039 678 433 (бір миллиард отыз тоғыз миллион алты жүз жетпіс сегіз мың төрт жүз отыз үш) теңге.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |