"Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қасқырлар мен шибөрілерге қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы" Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4832 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2014 жылғы 13 қаңтарда жарияланған):
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) әрбір олжаланған бөлтірікке (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;
3) әрбір олжаланған шибөріге (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 50 (елу) пайызы мөлшерінде сыйақы көзделсін.".
2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды заңнамамен белгіленген тәртіппен қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |