"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14813 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 3-1-9/29419 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 759 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5800 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері және көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
аталған қаулымен бекітілген субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері және көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар аталған қаулының 2-қосымшасымен осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "21" қарашадағы № 946 қаулысына 1-қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "12" сәуірдегі № 759 қаулысына 1-қосымша |
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | |
бас, | мың теңге | |||
Етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Тауарлы аналық бас | |||
1) | Базалық норматив | 10000 | 47006 | 470060 |
2) | Қосымша норматив: | |||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | 8000 | 268 | 2144 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | 6000 | 398 | 2388 | |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | |||
1) | Базалық норматив | 10000 | 1652 | 16520 |
2) | Қосымша норматив: | |||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | 20000 | 24 | 480 | |
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | 15000 | |||
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | 150000 | 1242 | 186383,3 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | |||
1) | Базалық норматив | 10000 | 1527 | 15270 |
| Қосымша норматив: | |||
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | 20000 | |||
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | 15000 | |||
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | |||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | 170000 | 60 | 10200 |
3. | Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату: | |||
1) | жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық | 25 | 3046,5 | 76163,3 |
12 | 4710,8 | 56529,6 | ||
2) | жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | 15 | ||
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтеріне | 10 | ||
Мал шаруашылығы | ||||
1. | Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | |||
1) | нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап | 45000 | ||
2) | нақты бордақыланғаны 2500 бастан бастап | 40000 | ||
3) | нақты бордақыланғаны 2000 бастан бастап | 35000 | ||
4) | нақты бордақыланғаны 1500 бастан бастап | 30000 | ||
5) | нақты бордақыланғаны 1000 бастан бастап | 25000 | ||
6) | нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап | 20000 | ||
7) | ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | 20000 | ||
2. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 4000 | 9298 | 37192 |
3. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | 100000 | 20 | 2000 |
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 1000 | ||
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1) | асыл тұқымды қойлардың аналық басы | 2500 | 31028 | 77570 |
2) | тауарлы қойлардың аналық басы | 1500 | 14872 | 22308 |
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | |||
1) | тұсақтар | 8000 | 3690 | 29520 |
2) | тұқымдық қошқарлар | 20000 | 1093 | 20658,5 |
3) | асыл тұқымды орталықтарға арналған тұқымдық қошқарлар | 30000 | 120 | 3600 |
4. | Қозы етін өндіру құнын арзандату | 1500 | ||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | 100000 | 93 | 9300 |
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | 40000 | 150 | 6000 |
3. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | 85 | 15,1 | 1283,5 |
4. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | 120 | 10,5 | 1260 |
Түйе шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу | 100000 | ||
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | 40000 | ||
3. | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | 75 | 9,7 | 730,8 |
4. | Түйе етін өндіру құнын арзандату | 100 | 20,0 | 2000 |
Азық өндіру | ||||
1. | Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату | 20000 | ||
2. | Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан жоғары асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ малының аналығын күту | 330786 | 981 | 324501 |
3. | Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан жоғары аналығы бар сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын шаруашылықтың өз төлі есебінен мал басын толықтыратын төлдерін күту | 251692 | 156 | 39264 |
Барлығы | х | х | 1413326,9 |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "21" қарашадағы № 946 қаулысына 2-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттар мен талаптар |
1 | Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |
Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан жоғары асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ малының аналығын күту |
ағымдағы жылдың 1 қаңтарына меншігіндегі аналық сиырлар саны 400 бастан кем емес; | |
Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан жоғары аналығы бар сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын шаруашылықтың өз төлі есебінен мал басын толықтыратын төлдерін күту |
ағымдағы жылдың 1 қаңтарына меншігіндегі аналық сиырлар саны 400 бастан кем емес; |