Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 17 сессиясының төрағасы | Н. Өтеев |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байқадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы "12" желтоқсан № 160 шешіміне қосымша |
|
Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы "15" ақпандағы № 89 шешімімен бекітілген |
Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
1. Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету (2017 – 2020 жылдарға).
2. Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу (2017-2023 жылдарға).
3. Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2017-2027 жылдарға).
4. Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).
5. Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).
6. Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).
7. Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2018-2027 жылдарға).
8. Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2018-2027 жылдарға).
9. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде "Таң бөбегі" 90 орындық балабақшаны ашу (2018-2022 жылдарға).
10. Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үйін ашу.