"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5708 болып тіркелген және 2017 жылғы 14 ақпандағы Арал аудандық "Толқын" газетінің № 12 санында жарияланған) № 62 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық | Арал аудандық |
мәслихатының кезектен тыс | мәслихатының хатшысы |
он төртінші сессиясының төрағасы | |
С. Жанназарова | Д. Мадинов |