Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 19.07.2017 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квоталары:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Қазалы ауданының ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Бабанаев |