"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін әлеуметтік нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізудің мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып "Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, отындардың (дизель, көмір) мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. "Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі", "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Суйеубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |