"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.
2. "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 460 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5788 тіркелген, 2017 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары М. Самитовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 2 қазандағы № 564 қаулысына қосымша |
2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы (аудан, қала) | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны | Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге) | ||||||||
Балабақша |
Мектеп жанында |
Мектеп жанында |
Дербес толық күндiк шағын-орталық |
Дербес жарты күндiк шағын-орталық | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталық |
Дербес толық күндiк шағын-орталық |
Дербес жарты күндiк шағын-орталық | ||
1 |
Қармақшы | 1352 | 245 | 0 | 0 | 0 | 24240 | 21800 | 0 | 0 | 0 |
2 | Байқоңыр қаласы | 280 | 0 | 0 | 0 | 0 | 34058 | 0 | 0 | 0 | 0 |