“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастикалық комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Жалағаш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш кентіндегі келесі атауы жоқ көшелерге:
1) №7 көшеге “Келменбет батыр” есімі;
2) №8 көшеге “Нәзтай Сермаханова” есімі берілсін;
2. Жалағаш кентінің келесі көшелері:
1) “Теміржол” көшесі “Амандық Бектібаев” есімімен;
2) “Жаңа қоныс” көшесі “Зияда Ижанов” есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш кенті әкімінің міндетін атқарушы | Н.Байымбет |