“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №263 қаулысына қосымша |
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік |
Квотаның көлемі (%) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | “Байтабын” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 102 | 1 | 1 |
2 | “АгроХолдинг Байқоңыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 105 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ: | 207 | 2 |