"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мал жаятын орындарды айқындау туралы" Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардығы № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5729 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 ақпанда "Жалағаш жаршысы" газетінде № 15 (9292) жарияланған және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 03 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақпалкөл ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Тұңғышбаев |