"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 4 қорытындысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің келесі көшелеріне:
1) "Май бекеті - 8" көшесіне "Айдархан Ержанов" есімі;
2) "Май бекеті - 9" көшесіне "Төлеген Бердібаев" есімі;
3) "Алтыкрант - 2" көшесіне "Сүлеймен Мұстафаев" есімі;
4) "Алтыкрант - 5" көшесіне "Құдас Жүнісбеков" есімі;
5) "Алтыкрант - 6" көшесіне "Алаш Жаппасов" есімі;
6) "Алтыкрант - 1/2" көшесіне "Ерман Байзақов" есімі;
7) "Ипподром -21" көшесіне "Әлі Исаев" есімі;
8) "Ипподром - 16" көшесіне "Әли Еламанов" есімі;
9) "Ипподром - 8" көшесіне "Сапарбай Сұлтанмұратов" есімі;
10) "Ипподром -12" көшесіне "Орынбай Бидашев" есімі;
11) "Амангелді" тұйығына "Ғафур Мұхамеджанов" есімі;
12) "Самара-Шымкент" ескі тас жолына "Тәуелсіздік" атауы;
13) "А. Иманов" және "М. Көкенов" көшелерінің арасында орналасқан атауы жоқ көшеге "Сартай Даушеев" есімі;
14) "Н. Ильялетдинов" көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге "Жақат Әбдіреймов" есімі берілсін.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған кентінің әкімі | А. Ахметов |