"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, Облыстық ономастикалық комиссияның 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылының келесі көшелеріне:
1) "Жеңістің 30 жылдығы" көшесіне "Нұртай Палымбетов" есімі;
2) "Қаршығалық" көшесіне "Елеусіз Төреев" есімі;
3) "Қадір Тағаев" көшесіне параллель жатқан көшеге – "Аманкүл Болтаева" есімі берілсін.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққорған ауылдық округінің әкімі | С. Садыков |