"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 4 қорытындысына сәйкес Жаңақорған ауданы Жайылма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жайылма ауылдық округі Жайылма ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) №1 жаңа көшеге "Тасарық" атауы;
2) №2 жаңа көшеге "Мырзатай" атауы.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайылма ауылдық | |
округінің әкімі | Т. Зейдалиев |