Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 05.05.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, “Азаматтық қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және Сырдария ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 3 хаттамасына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тереңөзек кенті, Н.Ілиясов, Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Б.Лекеров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 28 сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |