"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 12 қазандағы №2 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі:
1) №4 көшеге "Әсербай Айкөпешов" есімі;
2) №7 көшеге "Шәкі Оспанов" есімі;
3) №10 көшеге "Алмағанбет Дауылбаев" есімі;
4) №16 көшеге "Зұлхар Үдербаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары А.Ұзақбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тереңөзек кентінің әкімі | Ж.Сыздықов |