Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 09.10.2024 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 325 шешiмiнің (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 5092 нөмiрiмен тiркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Тіршілік тынысы" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті 17 сессиясының төрағасы: |
Ж.Налибаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Е.Әжікенов |
Сырдария аудандық мәслихатының | |
2017 жылғы 22 желтоқсандағы №163 | |
шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі-Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сырдария ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжайы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегі "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
4. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) және "электронды үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Бөлімнен немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
5-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
5-2. Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлімнің қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
5-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
5-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
5-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Ескерту. 5-5-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлімге немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
2) газ пайдалану нормалары 1 айға:
4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
3) отын пайдалану (көмір) от жағу маусымына:
3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метр;
Жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
5) жылу мен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метр;
жалғызтұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
9) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.